Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты ынтымақтастық

Жалпы ақпарат

1992 жылғы 25 қаңтарда - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1992 жылғы наурызда - Францияның Қазақстанда Елшілігі ашылды.

1993 жылғы шілде - Қазақстанның Францияда Елшілігі ашылды.

2022 жылғы шілде айынан бастап - Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова.

2024 жылдың қараша айынан бастап - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильвен Гийоге.

Францияның Алматыдағы бас консулы Максим Жеренже.

Саяси қарым-қатынастар

Н. Назарбаев Францияға 1992 және 1994 жылдары, екі рет 1995 жылы, 1997, 2003, 2008, 2010, 2011, 2012 жылдары және 2015 жылы ресми және жұмыс сапарларымен келді, оның барысында француз басшылығымен жемісті кездесулер өткізіліп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Француз басшылары Қазақстанға үш рет келді – 1993 жылы Ф.Миттеран, 2009 жылы Н. Саркози және 2014 жылы Ф. Олланд.

2015 жылғы 4-6 қарашада (Президент Ф.Олландтың шақыруы бойынша) Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары өтті.

2018 жылғы 18 қазанда «АСЕМ» Еуропа-Азия саммиті аясында Н. Назарбаевтың ФР Президенті Э.Макронмен алғашқы жеке кездесуі өтті.

2021 жылғы 31 тамызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Франция Президенті Э.Макрон арасында телефон арқылы келіссөздер өткізілді.

2022 жылғы 29-30 қарашада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Париж қаласына ресми сапары өтті.

2023 жылғы 1 қарашада ФР Президенті Э. Макронның Астанаға ресми сапары өтті.

2024 жылғы 4-5 қарашада ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары өтті.

Екі елдің үкімет басшылары деңгейіндегі кездесулер: 2008 жылы, 2011 жылы екі рет, 2012, 2013 және 2014 жылдары Парижде; 2008 жылы ақпанда және 2010 жылы желтоқсанда Астана қаласында (Ф.Фийон ЕҚЫҰ саммитінде Франция атынан қатысты) өтті.

Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы байланыстар қолдау табуда. 2013 жылдан бастап министрлер деңгейінде 5 кездесу өтті (оның ішінде 1 - Қазақстанда, 2 – Францияда, 2 – халықаралық форумдар аясында).

2021 жылғы 28 сәуірде М.Б.Тілеуберді мен Ж.-И. Лё Дриан министрлер арасында телефон арқылы келіссөздер өткізілді. 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Брюссельге сапары аясында екі елдің сыртқы істер министрліктерінің басшылары телефон арқылы сөйлесті. Екі елдің сыртқы істер ведомстволары басшыларының соңғы кездесуі 2022 жылғы 20 маусымда Люксембургте ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 19-шы отырысы аясында өтті. 2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен Франция СЕІМ басшысы Ж.-Н. Барро арасында телефон арқылы сөйлесу өтті. 2026 жылғы 13 қараша екі елдің сыртқы істер министрліктерінің басшылары Е.Көшербаев пен Ж.-Н. Барро арасындағы телефон арқылы сөйлесу өтті.

Сімаралық консультациялар саяси ынтымақтастықтың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Барлығы Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде келіссөздердің он бір раунд өтті. 

Негізгі екіжақты шарттар мен келісімдер

- Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа 1992 жылғы 23 қыркүйекте Парижде қол қойылды.

- Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа 2008 жылғы 11 маусымда қол қойылды (2010 жылғы 1 шілдеде күшіне енді).

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық достық топтары екі парламентте де жұмыс істейді. Мәжіліс депутаты А.Құспан Парламенттің төменгі палатасында достық тобын басқарады. Оның француз әріптесі - Ұлттық Ассамблеяның депутат А.Арман. Қазақстан Сенатына сайланғаннан кейін достық тобының төрағасы әлі тағайындалған жоқ, ал Э.Морей Сенаттағы «Франция - Орталық Азия» тобының төрағасы болып табылады.

Документы
Ақпарат
08 декабря 2023
Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы
Ақпарат
08 декабря 2023
Қарағанда облысының инвестициялық әлеуеті туралы
Новости
Полезные материалы
Экономикалық ынтымақтастық
Медиагалерея
10
Франция Президенті Э.Макронның Қазақстанға ресми сапары
0
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Twitter
Facebook
youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары