Жалпы ақпарат

Мукашев Е.Б.
Мукашев Ерлан Бекежанович

Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулы

Бас консулдық туралы

Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы 2019 жылдан бері қызмет атқарады (бұған дейін 2005-2013 жылдары ҚР Құрметті консулдығы Вольфратсхаузен қаласында және 2013-2019 жылдары ҚР Мюнхен қаласындағы Консулдығы болған). Консулдық аймағына ең ірі Бавария мен Тюрингия федералдық жерлері кіреді.

Қазақстан Республикасының, заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мен консулдық аймағына кіретін федералдық жерлер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету Бас консулдық қызметінің негізгі бағыттарына кіреді.

Ресми сайт парақшаларында консулдық мәселелер бойынша өзекті анықтамалық ақпараттармен және Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өмірі туралы жаңалықтармен танысуды ұсынамыз.

Біздің елдің инвестициялық және туристтік әлеуеті туралы презентациялар, сонымен бірге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ресми сайттарына сілтемемер қызығушылық тудыруы мүмкін.

Екіжақты ынтымақтастық