Елшіліктің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтайды!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке әкелсін!
Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!