Польша Елшісі Қазақстан Елшілігіне сыпайылық сапармен келді

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне Польша Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Кшиштоф Краевский сыпайылық сапармен келді.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібі, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, туризм және көлік байланыстары мәселелері бойынша пікір алмасты.