Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Корольдіктің депутаттар Конгресі төрағасының орынбасары Ана Пастор ханыммен кездесті

Мадрид, 5 сәуір 2021 ж. - Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов Испания Депутаттар Конгресінің вице-спикері Ана Пастор ханыммен кездесті.
Елші Вице-спикерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылындағы жетістіктері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның қазіргі заманғы дамыған мемлекетке айналуын қамтамасыз етудегі рөлі, Президент Қ.К.Тоқаевтың елді одан әрі жаңғыртуға және дәйекті саяси реформалар жүргізуге бағытталған стратегиясы туралы хабардар етті.
Қазақстанға жалпы бірнеше рет - Даму министрі, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі кезінде Испания күнін мерекелеу аясында Конгресс төрағасы ретінде сапармен болған А.Пастор Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне үлкен құрметпен қарап, елдегі демократиялық қайта құруларды жоғары бағалады.
Тараптар Испанияның халықаралық күн тәртібі мен ішкі саясатындағы бірқатар мәселелерді талқылады, екі елдегі эпидемиологиялық ахуалға және мемлекет басшылығының халықты қолдау мен экономиканың негізгі салаларына қатысты шараларына тоқталды.
Кездесу барысында екіжақты қатынастарда маңызды рөл ойнайтын парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі маңызды орынға ие болды. Сонымен бірге, парламенттік делегациялардың сапарларымен алмасуы, сондай-ақ екі елдің заң шығарушы органдарының өзара іс-қимылының тиімді құралы ретінде достық тобын құрудың маңыздылығы атап өтілді.