Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Испанияға баратын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Бұл жадынама Қазақстан Республикасының Испанияға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырамау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Испания аумағына кіру үшін виза қажет, оны алу үшін Испанияның Қазақстандағы Елшілігіне алдын ала жеке хабарласуды ұсынамыз. (BLS Kazakhstan визалық орталығы, https://kz.blsspainvisa.com/).

Кейбір жағдайларда визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз.

Шет мемлекеттер елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.

Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шет мемлекеттердің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан туындаған шығындарыңыз үшін жауап бермейді.

Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.

Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шет мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін.

Испанияға сапарды жоспарлау кезінде Испанияның ҚР Елшілігінің сайтында болу тәртібі мен көші қон ережелері туралы ақпаратпен танысыңыз:

https://wwwexterioresgobes/Embajadas/astana/ru/ServiciosConsulares/Paginas/Consular/CondicionesdeentradaenEspanaaspx

Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз.

Сапарға дайындық кезінде сапардың туристік, іскерлік немесе жеке мақсаттарымен Испанияға барғысы келетін ҚР азаматтарына міндетті түрде өздерімен бірге: жарамды төлқұжат, медициналық сақтандыру, қонақүй мен авиабилеттерді ҚР-ға қайтару керек. Жоғарыда аталған құжаттарды Испания ІІМ шекара полициясының қызметкерлері Испанияның құрлық және әуе шекараларын кесіп өту кезінде тексере алады.

Шетелде болу кезеңінде медициналық сақтандыру полисін сатып алу туралы ойлану керек. Оның болуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Испанияда болған кезде сізге Корольдіктің заңы жүретін болғандықтан оны міндетті түрде сақтауыңыз керек. Барған елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.

Есіңізде болсын, испан тілінде қарапайым сөздерді білгеніңіздің Испанияда жүргенде көмегі тиеді және жергілікті халық оны ұнатады.

Шетелге оқу, жұмыс істеу немесе тұрақты тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алған жөн. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты. Испанияға оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұру үшін барған Қазақстан азаматтары ҚР Мадридтегі Елшілігіне немесе ҚР Барселонадағы Консулдығына барып, консулдық тіркеуге тұруына кеңес береміз. Консулдық тіркеуге тұру Қазақстанға бармай-ақ көп мәселені шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актісін жазу және т.б.) және барған мемлекетте соғыс, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар болған жағдайда сізді басқа жерге көшіру жеңіл болады.

Ұшақтағы қауіпсіздік талаптарының қатаюы мен жеке заттардың мұқият тексерілетініне байланысты алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін анықтап алыңыз. Қол жүгіңізде тескіш пен кескіш заттарды, қаруға ұқсайтын балалардың ойыншықтары мен басқа заттарды алып жүруге болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Америка мен Еуропа елдерінде қол жүгіне қатысты қарапайым шектеулерден басқа жолаушыларды тексергенге дейін өзіңізбен бірге алып барған және сатып алған сұйық, қоймалжың заттарды алып жүруге шектеу бар.

Әуежайда кедендік декларацияны толтыруды ұмытып кетпеңіз. Алайда есіңізде болсын, әр ел алып кіретін ақшаға шектеуді өзі қояды. Сондықтан алып кіретін ақшаның бір бөлігін банктік карточкамен, жол чекімен және басқа құралдармен алып жүрген жөн. Өткізген жүктің талоны жүк жоғалып қалған жағдайда міндетті түрде керек болатындықтан оны сақтап қою керек. Ұшақтың билетін, паспортты, ақшаны және басқа құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз дұрыс.

Шет елде паспортық тексеру бекетінен өтер кезде паспортпен бірге сапарыңызға байланысты басқа құжаттардың (баратын адамның/ұйымның шақыруы, қонақ үйдегі брон және т.б.) болғаны жөн.

Шет елге барғанда кездейсоқ адамдардың жүк салмағым асып кетіп тұр деген сылтаумен тексеру бекеттерінен затарды өткізіп беру туралы өтінішін орындамаңыз және танымайтын адамдардан беріп жіберетін зат (хат, жіберілім, жүк және т.б.) алмаңыз, олар есірткіні, жарылғыш құралдарды, улаушы заттар мен қауіпті аурулардың қоздырғыштарын заңсыз тасу үшін құпия жасырғыш ретінде қолданылуы мүмкін.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасаңыз және оларды құжаттардан бөлек ұстаңыз.

Испанияға келгеннен кейін сізден жеке заттарға, материалдық құралдарға және құжаттарға мұқият қарауыңызды және оларды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Жеке заттар мен құжаттарды жалға алынған көліктерде қалдырмаңыз.

Испанияда қоғамдық орындарда (вокзалдар, метро мейрамханалар, сәулет ескерткіштері мен тарихи орындар, дүкендер мен сауда орталықтары, қонақ үйлер мен автотұрақтар) қалта, автокөлік ұрлығы кең таралған.

 

Құжаттарды ұрлау немесе жоғалту жағдайында сіз жақын жердегі полиция бөліміне (Policía Nacional) немесе ұлттық гвардияға (Guardia Civil) құжаттарды ұрлау/жоғалту орны бойынша хабарласып, өтініш жазуыңыз керек (denuncia).

Өтінішті ресімдегеннен кейін сізге Испаниядағы (Мадрид қ.) ҚР Елшілігіне хабарлау немесе болған оқиға туралы электрондық поштаға жазу қажет:

Тел: +34 917 216290 (тәулік бойы);

+34 917 216 294 (жұмыс уақытында 9:00-ден 18:30-ға дейін);

E-mail: consulmadrid@mfa.kz, madrid@mfa.kz

 

Құжаттар ұрланған/жоғалған жағдайда ҚР-ға оралуға куәлік беру көзделген. ҚР-ға қайтып оралу куәлік жол жүру құжаттары болып табылады және авиабилеттерді сатып алуға, сондай-ақ ҚР-ға кедергісіз оралуға құқық береді.

Қайтаруға арналған куәліктерді ресімдеу тәртібімен осы сілтеме бойынша танысуға болады.

ҚР азаматтарына қаржылық көмек Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында осы сілтеме бойынша орналастырылған ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда ғана көрсетіледі.

Qazalem.kz веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS түймесі бар екенін хабарлаймыз.

ҚР азаматтарына ыңғайлы болу үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтары үшін "SmartTravelKZ" мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымшада елдер, өңірлік ерекшеліктер, белгілі бір елдегі мінез-құлық нормалары туралы пайдалы ақпарат, қауіпті жағдайлардағы іс-әрекеттер туралы ұсынымдар, Төтенше жағдайлар туралы ескертулер және шетелдегі азаматтар үшін басқа да қажетті мәліметтер бар. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар шет мемлекеттегі санитарлық-эпидемиологиялық және криминогендік жағдай туралы мәліметтерді таба алады.

Сізге сәт сапар тілейміз!

Документы
Новости
Полезные материалы
Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша стандартты рәсімдер туралы
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайдағы төлемдер
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан студентеріннің назарына!
Медиагалерея
1
Шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS түймесі
1
Құтты мекен қосымшасы арқылы "қандас" мәртебесіне өтініш беру тәртібі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Официальная страница Посольства РК в Испании в фейсбуке
Twitter account
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары