Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті
2019 жылғы 28 қазан — 1 қараша аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының тоқсан тоғызыншы отырысы өтті.
Тараптар демаркациялаудың қорытынды құжаттар жобаларының бірқатар жиынтығын дайындап бекітті, сондай-ақ Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстардың материалдарын тексерді.
Келіссөздер достық және конструктивті атмосферада өтті.
Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың қараша айында Ресей Федерациясында өтетін болады.