Украинаның саяси және этноұлттық зерттеулер институтымен байланыс орнатылды
Ү.ж. 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Саяси және этноұлттық зерттеулер институтының директоры Олег Рафальскиймен кездесті.
Кездесу барысында түрлі салалардағы Қазақстан-украиналық ынтымақтастығын дамытудың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Осы тұрғыда тараптар Халықаралық Түркі академиясы мен Украинаның Ұлттық ғылым академиясының А.Крымский атындағы Шығыстану институты арасындағы ынтымақтастықты жолға қою, сондай-ақ Қазақстан мен Украинаның Ұлттық ғылым академиялары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастырды.