Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы 1994 жылдан бері қызмет атқарады. Консулдық аймағына Гессен, Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц және Саар федералдық жерлері кіреді.
Қазақстан Республикасының, заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мен консулдық аймағына кіретін федералдық жерлер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету Бас консулдық қызметінің негізгі бағыттарына кіреді.
Ресми сайт парақшаларында консулдық мәселелер бойынша өзекті анықтамалық ақпараттармен және Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өмірі туралы жаңалықтармен танысуды ұсынамыз.
Біздің елдің инвестициялық және туристтік әлеуеті туралы презентациялар, сонымен бірге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ресми сайттарына сілтемемер қызығушылық тудыруы мүмкін.