Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі министрімен кездесті

Доха, 13 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі министрі доктор Абдулла бен Абдулазиз бен Турки Аль-Субеимен кездесу өткізді.

Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы экологиялық серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықаралық климаттық бастамалар аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.