Корея Республикасында қазақстандық садақшылар айқын жеңіске жетті

Жарияланған күні: 05 қараша 2025

Корея Республикасында қазақстандық садақшылар айқын жеңіске жетті.
Олар Ульсан қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп, 31 елдің спортшыларын шаң қаптырды. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.