Қазақстан құрамасы FIE әлемдік рейтингінде алғаш рет көш бастады

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) әлемдік рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді.
Бұл тарихи жетістікке қазақстандық шпагашылар ірі халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуінің арқасында қол жеткізді. 2025 жылы қарашада ұлттық құрама Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды. 2026 жылғы маусымда Үндістанның Нью-Дели қаласында Азия чемпионы атанса, шілдеде Қытайдың Гонконг қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ал биыл күзде Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен Азия ойындарында да жеңіске жетті.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп, осы жеңістің арқасында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Отандастарымызды тарихи жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!