Қазақстан мен Словакия тұрақты даму және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Братислава, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова халықаралық консалтингтік «Aspiro» компаниясының инфрақұрылым мен даму жобаларын қаржыландыру жөніндегі директоры Мирослав Кучерамен, сондай-ақ «VUJE» компаниясының даму және халықаралық жобалар жөніндегі директоры Андрей Жьяровскиймен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында тараптар энергетика, инфрақұрылым, инновациялар және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен дамыту мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында Қазақстанның тұрақты дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.