«Қазақстан словак балаларының көзімен» көрмесі

Жарияланған күні: 24 наурыз 2023
«Қазақстан словак балаларының көзімен» көрмесі

2023 жылғы 24 наурызда Братиславада Қазақстан Елшілігі қала билігінің қолғабысымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының құрметіне арналған мерекелік шаралар өткізді.

Мәдени акция аясында Словакия астанасының Бас алаңында «Ladon» Братислава өнер мектебі оқушыларының қатысуымен сурет салу мастер-классы өтті. Жас суретшілердің жұмыстары «Қазақстан словак балаларының көзімен» тұрақты экспозициясының негізі болады.

https://www.atelierladon.sk/clanok/oslavy-kazasskeho-statneho-sviatku-nauryz