Шетелде қайтыс болуды тіркеу туралы АҚПАРАТ

Шетелде қайтыс болуды тіркеу үшін алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге:
  • қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (нысанын"Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады);

2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Порталға:

1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;

2) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжаттың электрондық көшірмесі не қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;

3) қажет болған жағдайда жақын туыстықты растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Дата публикации
24 января 2023