ҚР азаматының паспортын жасауға құжаттарды тапсыру үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 2 данада ұсынуыңыз қажет:
- Германияның ЖОО-да оқитын ҚР студенттері неміс ЖОО-да оқитынын және оқу мерзімін дәлелдейтін анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесін тапсыру тиіс.
- Германия аумағында уақытша жұмыс істейтін ҚР-ның азаматтары қолданылу мерзімі көрсетілген еңбек шартының түпнұсқасы мен көшірмесін тапсыру тиіс.
Бұл құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсырылуы тиіс;
Фотосурет арызданушының құжатты ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес келуі, сондай-ақ алдынан, жарық жерде, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық болу тиіс, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы 75% жуығын алу тиіс);
Егер паспорт арызданушының ГФР-де некеге тұруына байланысты оның жаңа тегіне берілетін болса, онда неке қию туралы куәлікпен бірге қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы бар тегінің өзгертілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері қоса берілуі керек.
ҚР ГФР-дағы консулдық мекемелердің банк деректемелері біздің сайттың «Консулдық қызметтер төлемі» бөлімінде орналастырылған: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/activities/5458?lang=kk&parentId=5453 (консулдық округке сәйкес).
Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
МАҢЫЗДЫ: ГФР-ға уақытша сапармен кеткен (жеке, туристік сапармен) және Германияда тұрақты тұруға қалған тұлғалардың паспорттары ҚР-ның ГФР-дағы консулдық мекемесі арқылы ҚР-ның құзыретті органдарына тұрақты тұруға өтініш бергеннен кейін және оң жауап алғаннан соң ғана ауыстырылады.