ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік алу туралы АҚПАРАТ (құжаттардың жоғалтуына байланысты)

ГФР-ға уақытша сапармен келген және Қазақстан Республикасының төлқұжатын жоғалтқан ҚР-ның азаматтары ҚР ГФР-дағы консулдық мекемесіне (консулдық округке сәйкес) ҚР қайтып оралуға арналған куәлік алуға арыздана алады.

ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік алу үшін Сізге жақын жерде орналасқан ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесіне жеке келіп (консулдық округке сәйкес), келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. құжатыңыздың жоғалту себебін көрсетіп, ҚР-ға оралу үшін куәлік беру туралы еркін түрде Консулдың атына жазылған өтініш -1 дана;
  2. жеке басын куәландыратын бір құжаттың түпнұсқасы (бар боған жағдайда). Егер де ол болмаса, нысан бойынша толтырылған өтініш (нысанын"Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады);
  3. паспортты жоғалтқаныңыз жайлы өтініш бергеніңіз туралу полиция бөлімінің анықтамасының қазақ немесе орыс тіліне аударылған түпнұсқасы мен көшірмесі;
  4. фотосурет (3,5 х 4,5 см) – 2 дана;
  5. Жыныс ауыстырылған жағдайда, бұл фактіні растайтын шет мемлекетінің медициналық мекемесі берген тиісті құжатты тапсыру керек.
  6. төлем түбіртегінің түпнұсқасы (Quittungsbeleg), сондай-ақ 10,00 EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug) (консулдық округке сәйкес)

ҚР ГФР-дағы консулдық мекемелердің банк деректемелері біздің сайттың «Консулдық қызметтер төлемі» бөлімінде орналастырылған: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/activities/5458?lang=kk&parentId=5453 (консулдық округке сәйкес).

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Өтініш (қазақ тілінде)
Дата публикации
16 января 2023