Қазақстан Республикасының азаматы шетелдегі мекемеден келесі жағдайда есептен шығарылуы мүмкін:
- өзі немесе оның заңды өкілі шет елдердегі мекемелерге есептен шығару туралы еркін нысанда жасалған өтініш берсе;
- оның Қазақстан Республикасының басқа шет елдердегі мекемелерінде есепке қойылғаны туралы хабарлама келсе;
- есеп карточкасында/карточкада көрсетілген консулдық округ аумағындағы, уақытша орналасу немесе тұрақты тұру мерзімі аяқталса;
- қайтыс болса, оның хабар-ошарсыз кеткені немесе қайтыс болғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.
Консулдық есептен шығу үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
МАҢЫЗДЫ: Көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысан арқылы жүгінген кезде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.