Шет елдерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын консулдық есепке қою туралы АҚПАРАТ

Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтары өздері тұрып жатқан консулдық аумақтағы ҚР-ның консулдық мекемесінде тіркеледі.

Тұрақты консулдық тіркеуге тұру үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  2. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсат(салыстыру үшін);
  3. ҚР-дан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтарын есепке алу туралы толтырылған карточкасы (нысан бойынша) (нысанын"Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады);

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: егер Сіз үш жыл ішінде консулдық тіркеуге тұрмасаңыз, онда Сіз ҚР-ның азаматы болып табылатындығыңыз және неміс азаматтығын алу үшін арыз бермегеніңіз туралы неміс биліктерінің анықтамасын (Negativbescheinigung) тапсыруыңыз қажет.

2014 жылдың 1 ақпанынан бастап консулдық есепке алу үшін консулдық алым төленбейді (тегін).

Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының толтырылған есептік карточкасы (нысан бойынша) (нысанын "Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады).

Карточка уақытша есеп (қазақ тілінде)
Дата публикации
16 января 2023