Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР-ның аумағынан жеке шаруаларымен шығып, сол жерде тұрақты тұру үшін қалуға ниет білдірген болса, ҚР-ның құзыретті органдарынан тиісті рұқсат алу үшін құжаттарын ҚР-ның шетелдегі мекемелеріне тапсыра алады.
ГФР-да ТТҚ-ға туралы құжаттарды тапсыру үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 3 данада ұсынуыңыз қажет:
- Фотосурет (3,5 х 4,5 см) жапсырылған өтініш-сауалнама, (нысанын "Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады);
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.
ҚР азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта тапсырады;
- отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда - алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері ҚР-ның аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі;
- сот бекіткен әрі өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен арадағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;
- ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
- он сегіз жасқа толмаған ҚР-ның азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде ҚР-ның аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;
- төлем түбіртегінің түпнұсқасы (Quittungsbeleg), сондай-ақ 120,00EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug) (консулдық округке сәйкес).
ҚР ГФР-дағы консулдық мекемелердің банк деректемелері біздің сайттың «Консулдық қызметтер төлемі» бөлімінде орналастырылған: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/activities/5458?lang=kk&parentId=5453 (консулдық округке сәйкес).
Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.