Қазақстан қалалары туралы кітаптар қытай тілінде шығарылады

Қазақстан қалалары туралы кітаптар қытай тілінде шығарылады

Бейжің, 2021 ж. 20 тамыз - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев «Синьсин» («Жаңа жұлдыз») баспасының директоры Ма Чжуцзюнмен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар Ұлы Жібек жолының ежелгі бағыттары бойында орналасқан қалалардың тарихы, тұрмысы, мәдениеті және өмірін баяндайтын кітаптар сериясын жасауға бағытталған «Жібек жолындағы жүз қала» жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. 

Бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, жоба шеңберінде көпғасырлық тарихы және ежелгі Жібек жолымен тығыз байланысты бірегей мәдени мұрасы бар Алматы, Тараз және Түркістан сияқты қазақстандық қалалар туралы кітаптар шығарылатын болады.

«Синьсин» - ҚХР Шет тілдердегі әдебиеттерді шығару және тарату істері жөніндегі басқармасы жанындағы мемлекеттік баспа. Жыл сайын баспамен әртүрлі тілдерде, оның ішінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, жапон, корей, неміс, араб және басқа тілдерде 200-ден аса кітап шығарылады.

«Жібек жолындағы жүз қала» кітаптар сериясы – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жобасы. Қазақстанның үш қаласының тарихы туралы кітаптарды аталған жобаға енгізу Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.