Қазақстандық шеберлер Цзиндэчжэнь қаласындағы «ШЫҰ терезесі» көрмесіне қатысты

Қазақстандық шеберлер Цзиндэчжэнь қаласындағы  «ШЫҰ терезесі» көрмесіне қатысты

Цзиндэчжэнь қ., 2026 жылғы 18 қазан – Цзянси өлк. Цзиндэчжэнь қ. 2026 жылғы Қытай халықаралық керамика көрмесінің ашылуы өтті.

Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығына арналған «ШЫҰ терезесі» тақырыптық экспозициясы алғаш рет ұйымдастырылды. Жоба ШЫҰ Хатшылығы мен Цзиндэчжэнь қ. Халық үкіметі бірлесіп жүзеге асырды.

Экспозицияда Қазақстан атынан Қарағанды қ. «Guljan’s ceramics workshop» шеберханасының негізін қалаушы, сәндік-қолданбалы өнер шебері Гүлжан Әбдіқашева және Алматы қ. келген керамист, зергер, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Айнаш Қапанова қатысты.

Шеберлер қазақ халқының дәстүрлері, ою-өрнектері мен мәдени мұрасына негізделген, қолдан жасалған авторлық керамикалық бұйымдарын ұсынды. Олардың жұмыстарында Ұлы дала мен дәстүрлі қазақ өнерінің нақыштары көрініс тапты.

«ШЫҰ терезесі» экспозициясы Қазақстан, Беларусь, Иран, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан шеберлерінің жұмыстарын біріктіріп, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін ілгерілету және мәдени алмасу алаңына айналды.

2026 ж. Қытай халықаралық керамика көрмесі 140 мың шаршы метр аумақта өтіп, әлемнің 19 елінен 450-ден астам экспонент пен 800-ден астам шетелдік қонақты біріктіреді.