Түрікменстанда дипломаттар арасындағы достық спорттық ойындары өтті

2024 жылғы 16-17 ақпанда Ашғабат Олимпиадалық қалашығында Түрікменстанның дипломатиялық қызметкерлерінің күніне арналған үстел теннисі, шағын футбол, волейбол және боулингтен жарыстар өтті, онда Түрікменстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің командалары қатысты.
Бұл шараға Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің ұжымы белсенді қатысты.