Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Сәпиевтың Балқан және Дашоғұз уәлаяттарына жұмыс сапары өтті

2020 жылғы 22-23 қантарда Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Сәпиевтың Балқан және Дашоғұз уәлаяттарына жұмыс сапары өтті.
Сапар аясында Қазақстанның Елшісі Балқан уәлаятының әкімі Я.Ғылыджовпен және Дашоғұз уәлаятының әкімі Н.Назармырадовпен кездесті, Түркменбашы қаласының халықаралық теңіз портына барды, сондай-ақ Балқан және Дашоғұз уәлаяттарында тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесті.
Қездесу барысында Е.Сәпиев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген сыртқы саяси бастамалар мен табыстар туралы, сондай-ақ, а.ж. қазақ ақыны және ағартушы Абайдың 175 жылдығын, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу туралы хабардар етті.