Лебап уәлаяты басшылығымен келіссөздердің басты назарында бауырластық байланыстарды дамыту

АШҒАБАТ, 2021 жылғы 27 қаңтар – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Лебап уәлаятының әкімі Шохрат Амангелдиевпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде екі елдің өңірлері арасында бауырластық байланыстар туралы келісім жасасуды егжей-тегжейлі талқылады.