Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау

Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                              Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар

               № 104

Оқиға күні

19 наурыз 2023

Өткізу орны

Республика Казахстан

Оқиға түрі

Басқа