GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Меню
Страницы
About maslikhat
Activity
Documents
Contacts
Press Room
Feedback
Все материалы
29 августа 2024
Барынша жағдай жасалуда

Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің қатысуымен әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына білім беру нысандарының жаңа оқу жылына қалай дайындалып жатқаны талқылады.

Білім басқармасы басшысының м.а. Айнагүл Балташева өз сөзінде жетекшілік ететін саладағы статистикалық деректерді ғана емес, сонымен қатар жаңа мектептерді, сондай-ақ күрделі жөндеуден кейін жекелеген білім беру объектілерін пайдалануға беруге байланысты проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді де айтты.

Мәселен, қазіргі уақытта 1706 орындық 6 балабақша құрылысы жалғасуда. Жақын арада құрылысы аяқталып, 2 балабақшаның ашылуы жоспарлануда: Красный яр ауылындағы Нұрлы көш кентінде 280 орындық және Көкшетау қ. Сарыарқа шағын аудандағы мобильділігі төмен топтар үшін 166 орындық балабақша.

Бүгінгі таңда облыста 2 апатты мектеп бар (Біржан сал ауданы Бұланды ауылында және Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында). Бұл мәселені шешу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен Бұланды ауылында 80 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылады деп жоспарланған.

Жарқайың ауданы Бірсуат ауылындағы мектептің апаттылығын жою үшін жеке инвестициялар қаражаты есебінен 80 орындық мектеп құрылысы басталып,  кейін оны сатып алу процессі жүргізіледі. Мектепті енгізу биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар 1 580 орындық 3 мектептің құрылысы жалғасуда  (80 орынға – Сандықтау ауданы Петровка ауылында, 300 орынға – Бестөбе ауылында, 1200 орынға – Қосшы қаласында). Нысандарды іске қосу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған болатын. Алайда, құрылыс басқармасының мәліметінше, оқу жылының басында Қосшы қаласында 1200 орындық мектептің қана құрылысы аяқталады. 

«Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы аясында  ағымдағы жылы 12 200 орындық 9 мектепті іске қосу жоспарланған: Целиноград ауданында 7 мектеп (9 200 орын), Көкшетауда 2 мектеп (3 000 орын).

Сондай-ақ, А.Балташева депутаттарды оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, мектеп қазандықтарын жылыту маусымына дайындау, цифрландыруды енгізу, балалар үшін қауіпсіз орта құру туралы хабардар етті, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасов отырысқа қатысушылардың назарын жаңа оқу орындарын лицензиялау, ашылатын мектептер үшін педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру, қиындықтар туындаған облыстың жекелеген аудандарында оқулықтар жеткізу жөніндегі проблемалық мәселелерге аударды.

Депутаттардың пікірінше, оқу жылының басталуы штаттық режимде өтуі үшін барынша күш салу қажет. Отырыс барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссияның қорытынды хаттамасында және қаулысында көрініс табады және уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты