
Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы 1972 жылы 22 маусымда Комсомол ауданы Псков ауылында туған.
Білімі – жоғары.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы «Псковский» кеңшарының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады.
1994 жылы Әйтеке би ауданының Әйке орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінде мұғалім;
1998-1999 жылдары Қарғалы ауданы Приозерный орта мектебінде мұғалім;
1999 жылы Қарғалы ауданы Қосестек орта мектебінің директоры;
2006 жылы Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
2009 жылы Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2012 жылы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары;
2013 жылы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округінің әкімі;
2016 -2021 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қарғалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Қарғалы аудандық мәслихат хатшысы.
Отбасылы,ұл тәрбиелеп отыр.