Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша, 16 қыркүйек сағат 10:30-да инвестиция, туризм, цифрлық технология, кәсіпкерлік, сауда және Ақтау теңіз порты АЭА саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап береді. Тікелей эфир облыс әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Сұрақтар мен ұсыныстарды тікелей эфир кезінде кез-келген тұрғын қоя алады.