Құрылым
Жер бөлімі
Жер қатынастары бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.1. Жер қатынастары ржы және есеп бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Маңғыстау обласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
1.4. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жоқ.
2 - тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2.1. Функциялары:
«Жер қатынастары бөлімінің» миссиясы жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, белгіленген тәртіп пен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
«Жер қатынастары бөлімінің» негізгі міндеттері:
1) облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары, магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды құрылыстар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) облыстың жергілікті атқарушы органының қоғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
6) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
7) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
8) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
9) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
10) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
11) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
13) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасады және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
14) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
15) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
18) мемлекеттік көрсетілетін электронды «Е-лицензиялау» бағдарламасы арқылы сапалы қызмет көрсетуc шараларын қабылдау;
19) Е-өтініш азаматтардың барлық өтініштерін және өңдеу біріңғай платформасына сәйкес көрсетілген мерзімде өтініштеріне жауап беру.
Егін шаруашылығы және техникалық инспекциялық бөлімі
Егін шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджеттік, Салықтық, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстерін, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Әкімшілік рәсімдері туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басқарманың ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықтыбасшылыққа алады. Заңдарын және басқада нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа алады.
Бөлім 2 бірліктен:
1) басшыдан;
2) 1 (бір) бас маманнан тұрады.
Бөлімнің штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Талдау және мемлекеттік реттеу бөлімі
Талдау және мемлекеттік реттеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім ҚР Президентінің ауыл шаруашылығы саласына қатысты Жарлығы мен халыққа жолдаған Жолдауларын, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңы мен басқа да осы салаға қатысты ҚР Заңдарын қызмет барысында қолдана отырып, мынадай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы; «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және ҚР Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысы; «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 894 қаулысы; «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығы; «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығы; Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 69 қаулысы.
Бөлім 3 бірліктен:
1) басшыдан;
2) 2 (екі) бас маманнан тұрады.
Бөлімнің штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Мал шаруашылығы бөлімі
Мал шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджеттік, Салықтық, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстерін, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Әкімшілік рәсімдері туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басқарманың ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Заңдарын және басқада нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа алады.
Бөлім 3 бірліктен:
басшыдан;
2 (екі) бас маманнан тұрады.
Бөлімнің штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Қаржы және есеп бөлімі
Жоспарлау, есептеу және есеп алу бөлімі «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Құрылымдық бөлімше өз қызметін 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімдігінің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басқарманың ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Қаржы және есеп бөлімнің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы бекітеді.
Ауыл шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімі
Ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджеттік, Салықтық, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстерін, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Әкімшілік рәсімдері туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басқарманың ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықтыбасшылыққа алады. Заңдарын және басқада нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа алады.
Бөлім 3 бірліктен:
1) басшыдан;
2) 2 (екі) бас маманнан тұрады.
Бөлімнің штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.