Кәсіпкерлік

Ауылда шағын және орта бизнес саласында ауыл бойынша 4 мейрамхана, 3 көлік жөндеу орталығы, 4 автобөлшектер дүкені, 11 қоғамдық тамақтану орны, 2 жанар-жағармай құю бекеті, 5 газ құю бекеті, 3 жем сату цехы, 1 мал базары, 9 көлік жуу орталығы, 140-дай сауда объектілері бар. Кәсіп ашушыларға жер телімі ауылдың бас жоспарына сәйкес аукцион арқылы беріледі.
Бизнес бастау бағдарламасы оқуы онлайн жүргізілді. Соның ішінде қайтарымсыз грант жеңіп алғандар – 11 адам, әр адамға 1 млн 380 мың теңге, барлығы 15,1 млн теңге қаражат берілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 тұрғын 2,5 пайызбен шағын несие алды. 1 - мал шаруашылығы (2 млн тг), 1 - кондитер өнімдерін өндіру (3,5 млн тг) бойынша.