Құрылым

Экомикалық даму, қаржыландыру және субсидиялау бөлімі

Қаржыландыру, есеп және есептілік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жүргізеді. Басқарманың бухгалтерлік есеп және есептілігін жүргізеді. Басқармада дайындалатын ережелер, ішкі құжаттар, бұйрықтар, нұсқамалар, келісім-шарттар және құқықтық сиапттағы басқа да құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. Есептілік кезеңге бөлінген бюджеттік қаражат шегінде басқарма қызметкерлерін еңбек төлемдерімен, ісапарлық шығындар, салықтарды аудару және алынған міндеттерді орындау есебінен төлемдер жүргізуді уақытылы қамтамасыз етеді.  

 

Толығырақ

Электрондық пошта:

sa.amirkhanova@mangystau.gov.kz

Энергетиканы дамыту бөлімі

Облысты дамыту бағдарламасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларын енгізуді қамтамсыз етеді. Өзінің құзіреттілігі аясында мемлекеттік мекемелермен энергия тұтыну нормативтерінің сақталуының мониторингін жүргізеді. Коммуналдық қызмет көрсетудің қағидаларын әзірлейді. Есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін газбен, электрмен, жылумен қамтамсыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормаларын әзірлейді.

Толығырақ

Электрондық пошта:

bolatov.n@mangystau.gov.kz

Газбен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

Газбен жабдықтау саласында мемлекеттің саясатын іске асырады. Қалалар мен елді мекендердің газбен жабдықтау жүйелерінің қызметі және оны дамыту саласындағы нормативтік құжаттар жүйесін  әзірлеуге қатысады.

Толығырақ