Жиі қойылатын сұрақтар

Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау:

  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес,
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша аумақтық бөлімшеге хабарлауға міндетті.