Құрылым

Экологиялық саясат және реттеу бөлімі

Экологиялық саясат және реттеу бөлімі

№

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы

1

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қоры-тындысын беру»

2

«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»

3

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 58-бабының 2-тармағы 73-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады

Ескертпе:

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000088 

  • 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400
  • «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шiлдедегі № 246 бұйрығы  Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023538
  • Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 227 бұйрығы»  Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023673
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шiлдедегі № 264 бұйрығы. Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023674
  • Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығы» Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034131 
  • Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеуді жүзеге асыру, деректерді түзету, түгендеу және түзету нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын (жергілікті атқарушы органдар үшін) бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 262 бұйрығы» Тікелей сілтеме : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023640
Толығырақ

Телефон:

46-21-31/12-10

Электрондық пошта:

s.bazarbay@mangystau.gov.kz

Қалдықтарды басқару,жер қойнауын пайдалану,есеп және аудит бөлімі

Қалдықтарды басқару,жер қойнауын пайдалану,есеп және аудит бөлімі

1. Табиғатты қорғау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастырады және өткізеді (конкурстар өткізу, шарттар жасау, шарттардың орындалуын бақылау);

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

3. Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасақтау;

4. Өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларына бөлінген ақша қаражатының мақсатты және толық пайдалануын бақылайды;

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

6. Өз құзыреті шегінде стратегиялық жоспар мен Маңғыстау облысының өңірлік даму бағдарламасына қатысты мәліметтер мен ұсыныстар береді;

7. Стратегиялық жоспар мен Маңғыстау облысының өңірлік даму бағдарламасына қатысты жұмыстар мен есептерді ұйымдастыруға қатысады;

8. Экологиялық жағдайды сауықтыруға және жұртшылықты экологиялық мәселелер бойынша хабардар етуге бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар (конференция, семинар, жиналыстар, дөңгелек үстел, симпозиум және басқа іс-шаралар) өткізуге қатысады, жұртшылыққа экология мәселелері бойынша ақпарат береді;

9. Маңғыстау облысы бойынша Каспий маңы өңіріндегі экологиялық жағдайын зерделеу, талдау және болжамдау жөніндегі жұмыстарын жүргізеді;

10. Қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;

11. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландырудың тұрақты жүйесін қалыптастыру болып табылады;

12.Өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;

13. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша облыс әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;

14. «Экологиялық зерттеу зертханасы» ЖШС-нің жұмыстарына жетекшілік етеді;

15. Мемлекеттік органға қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

Толығырақ

Телефон:

46-21-31/11-50

Электрондық пошта:

a.otegenova@mangystau.gov.kz

«Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі» бөлімі

 

Бөлімнің міндеттері:

1. Табиғат пайдалануды реттеу;

2. Өз құзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

3. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану және қорғау;

4. «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі», «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» және «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жұмыстарына жетекшілік ету.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы

1. Ағаш кесу және орман билетін беру

2. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»

3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру

Ескертпе:

«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11662 болып тіркелді.

Тікелей сілтеме:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011662

«Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 11774 болып тіркелді.

Тікелей сілтеме:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774

Облыста «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» және «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» екі коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар.

         Сам орман мекемесі Бейнеу ауданында, ал Бейнеу орман мекемесі Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында орналасқан. Олардың жалпы орман аумағы – 253 299 га, оның ішінде орман жамылғысы - 125 495  га. Орман қорының негізі – қара сексеуіл ағашы.

         Сам орман мекемесінде жыл сайын орман пайдаланушылардың өтінімдеріне сәйкес "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызметі арқылы (ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 12 қазандағы №18-02/909 бұйрығымен бекітілген) жайылымдық жерлерге мал жаюға рұқсаттар беріледі (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012259).

         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017560), Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері әзірленіп, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешімімен бекітілді. (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V19M0003923).  

         Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы мөлшерлемелері 1 гектар жайылымдық жерлерді пайдаланғаны үшін төлемақының ықтимал сомасына көбейту жолымен пайыздық ара-қатынастар бойынша белгіленіп, айқындалған (сапасы қанағаттанғысыз шабындықтар үшін төлемақы мөлшерлемелерінің деңгейі – 190,85 теңге).

            ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнің 2015 жылғы 13 тамыздағы  № 211 «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы» бұйрығына сәйкес (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012057), мемлекеттік орман қорындағы қосымша учаскілерінде сексеуіл ағаштарын  кесу жұмыстары жүргізілмейді.

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша

  1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000593_);
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14F0010168);
  3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 «Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017257);
  4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011939);
  5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010865).

 

Толығырақ

Телефон:

46-21-31/11-52

Электрондық пошта:

zh.adilbekova@mangystau.gov.kz