Ақшымырау ауылы болып 1934 жылы құрылды. Ақшымырау ауылында 2023 жылы санақ бойынша ауылда 1150 адам, 199 тұрғын үй бар. Жалпы ауыл көлемі 8425 га жерді алып жатыр. Ауылда 1 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ауылдық клуб бар. Мектеп жанындағы спорт кешені, КазПочта, «Қазақтелеком» АҚ МАФ, «КазСушар» РМК Полиция бекеті, Мешіт, кітапхана, ашық спорт алаңы.Кәсіпкерлік нысан-8
Азық түлік дүкені-6,тойхана-1,газ құю бекеті-1. Ауыл тұрғындары ішінен экономикалық жағынан жұмысқа қабілеттілер саны- 466 тұрғын болса, оның ішінде мектепте- 83 тұрғын, балабақшада- 28 тұрғын, дәрігерлік амбулаторияда-13 тұрғын, ауылдық клуб пен кітапханада- 11 тұрғын, ауыл әкімдігінде- 11 тұрғын, барлығы- 147 тұрғын, шаруа қожалықтарында – 16 тұрғын, жеке кәсіпкерлік нысандарда жұмыс жасайтындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны- 42 тұрғын, мұнай өндірісі саласындағы әр түрлі мекемелерде-161 тұрғын , ақылы қоғамдық қызметте- 18 тұрғын, жастар іс-тәжірибесімен- 4 тұрғын.Ақшымырау ауылында 16 шаруа қожалығы тіркелген. Сонымен қатар ауылға қарасты мал дәрігерлік мекемесі қызмет көрсетуде. Аталған мекеме мал егу, сырғалау, чип егу жұмыстарын жүргізіп отырады. Балаларын оқыту үшін көмек алған отбасылар саны-3. Ауылымызда 37 «Алтын алқа», 38 «Күміс алқа» иегері бар, 5 тыл ардагері бар. Ауыл бойынша азық-түлік бағасын бақылау бойынша мониторингтік топ ауылдық азық-түлік дүкендерін бақылап отырады,3 азық-түлік дүкенімен бағаны 15% дан артық көтермеуге меморандум жасайды.
Қоғамдық тәртіпті сақтауда жұмыс жасап жүрген полиция қызметкерлері саны-2.Ақшымырау ауылы тұрғындарын ауыз сумен «КазСушар» РМК мекемесі қамтамасыз етіп келеді.
Қазіргі таңда ауыл бойынша 199 үйдің 151 үй құбырмен, 48 үй тасымалмен су ішіп отыр.