Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы қорытындыланды. Үш күн бойы еліміздің әр өңірінен келген жас өнерпаздар ұлттық ән мектептерінің ерекшелігін танытып, өз өнерлерін ортаға салды.

Байқауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырды. Республикалық байқау дәстүрлі ән өнерін дәріптеуге, жас орындаушыларды қолдауға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталды.

Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс мәнерін, орындау шеберлігін және дәстүрлі әншілік мектептердің ерекшеліктерін ескере отырып, үздіктерді анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері қорытынды гала-концертте жарияланды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Жайна Бауыржанқызы Тарғынова иеленді. Екінші орын Жалын Құнанбай мен Айдос Саниязбекұлына берілді. Ал үшінші орынға Сәулет Аманғазыұлы Аманғазин, Аружан Айтманқызы Сағындық және Жанарым Асқарқызы Аманғалиева ие болды.

Дәурен Дәулетұлы Ораш, Маржан Нұркенқызы Әптербек, Мадияр Азаматұлы Өмірғали, Даниял Файзуллаұлы Рахметолла және Айбала Өсиетқызы Бейсенова дипломмен марапатталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қызмет бағыты