Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Бюджет және Салық кодекстерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  1. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  2. Департамент:

- Мемлекеттік активтерге мониторинг жүргізу басқармасынан (бұдан әрі – МАМЖБ);

- Мемлекеттік сатып алу басқармасынан (бұдан әрі – МСАБ) тұрады.