БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
ақпарат, балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.
Департаменттің негізгі функциялары:
ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Министрлік реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
журналистерді аккредиттеу ережелерін бекіту;
Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарының даму процесін талдауға қатысу және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау;
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;
Департамент құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында қабылданған актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;
ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде бұқаралық ақпарат құралдары саласын құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Департамент басшылығының қарауына енгізу;
ашық деректердің/бюджеттердің/НҚА интернет-порталында ақпаратты орналастыру.
Департамент құрылымында екі басқарма бар:
- Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасы;
- Медиа-талдау және қоғамдық медиапроцестерді қолдау басқармасы.
2019 жылғы қызметтің негізгі қорытындылары туралы:
- БАҚ, ақпарат және телерадио хабарларын тарату саласында келісілген ұстанымды әзірлеу, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Ақпарат саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия құрылды; еңбек нарығын, кадрлық ресурстарды және БАҚ саласындағы білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастыруды көздейтін Салалық біліктілік шеңбері әзірленді; БАҚ саласындағы кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды; БАҚ саласы қызметкерлерінің құзыретін бағалаудың объективті жүйесін құру; БАҚ саласы қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін дамыту. Жұмыс берушілер мен оқу орындарының студенттерді оқыту және оларды жұмысқа орналастыру бөлігіндегі қызметін үйлестіру мақсатында БАҚ саласында 11 кәсіби стандарт әзірленді. Бекітілген кәсіби стандарттар негізінде жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын және жұмыс берушілер қызметкерлеріне арналған біліктілік талаптарын әзірлейді. Осылайша, бұл кадрларды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру кезінде біркелкі тәсілді жасауға ықпал ететін болады.
- "Қазмедиа орталығы "Басқарушы компаниясы" ЖШС жанынан БАҚ қолдау қоры іске қосылды. Қор БАҚ-ты қолдауға және қазақстандық журналистердің кәсібилігінің өсуіне ықпал етуге бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болады.
- 2019 жылғы 14 мамырда міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнамаларды қалыптастыру және орналастыру қағидалары бекітілді.
Анықтама: Ереже "Жарнама туралы" ҚР Заңына енгізілген соңғы өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді және міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру тәртібін, оларды іріктеу критерийлерін айқындайды.
- 2019 ж. 20 тамызында «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV Заңының 40-1-бабын орындау үшін Министрлік мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Анықтама: Меморандум мәніне сәйкес тараптар теміржол вокзалдары ғимараттарының күту залдарында отандық телеарналарды теледидарда/LED экрандарда көпшілік көрсетуді қамтамасыз ету бойынша бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асыруға ықпал етеді; жазбаша келісімге сәйкес көлемде және мөлшерде "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ ғимаратының қасбетінде әлеуметтік роликтерді және өзге де қоғамдық маңызды бейнероликтерді орналастыру және т. б.
- 2019 ж. 29 тамызда республикалық бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілді.
- Отандық БАҚ-ты қолдау мақсатында 2020-2023 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың Ұлттық жоспарының жобасы әзірленді. Ұлттық жоспардың мақсаты отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазіргі заманғы әлемдік стандарттарды ескере отырып, олардың жұмыс сапасын одан әрі жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
- ЭЫДҰ ұсыныстарын ескере отырып, БАҚ, телерадио хабарларын тарату, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленді.
- 2019 ж. наурыз айында телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізілді. Өткізілген конкурс қорытындысы бойынша телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері 50 радиожиіліктен 33 бөлініп, 17 конкурс өткізілмеді деп танылды.
- 2019 ж. 17 маусымда Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілді (№172 бұйрық). Ұлттық оператор республикалық маңызы бар үш қалада және 14 облыста тарататын телеарналардың тізбесі қалыптастырылды.
- 2019 ж. 17 маусымында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесі бекітілді (№171 бұйрық). 15 міндетті теле-, радиоарна анықталды ("QAZAQSTAN", "Хабар", "Хабар 24", "Balapan", "Ел арна", "QAZSPORT", "Kazakh TV", "TamashaTV", "Астана", "Первый канал Евразия", "Жетінші арна", "КТК", "31 арна", "Тәуелсіз телевизиялық арна", "СТВ").
2020 жылғы қызметтің негізгі қорытындылары туралы:
- Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Ұлттық жоспары бекітілді (07.04.2020 ж. №183 ҚРҮҚ).
Ұлттық жоспар тұтастай алғанда елдің ақпараттық кеңістігін дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Оның шеңберінде Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамытуға, мемлекет пен қоғам арасында Тиімді коммуникациялар құруға, отандық масс-медиа қалыптастыруға және т. б. бағытталған тұжырымдамалық тәсілдер айқындалды.
Тұтастай алғанда, ұлттық жоспардың ережелерін іске асыру отандық БАҚ-тың экономикалық дербестігін арттыру және қоғам тарапынан тұтынушылық сұраныстың өсуі сияқты негізгі міндеттерді шешуге ықпал етеді. - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңның мақсаты отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның ең үздік ұсынымдарын ескере отырып, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады. - «Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспары» бекітілді.
Бұл жоспардың мақсаты білім беру процесін жүйелеу, сала мамандарының кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Жоспардың негізгі бағыттары:
- мамандарды даярлау;
- мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
- шетелдік тағылымдамалар мен курстарды ұйымдастыру;
- халықтың медиасауаттылығын қалыптастыру;
- баспасөз қызметі жұмысының тиімділігін арттыру.
Жоспарды іске асыру нәтижесінде медиа саласы мамандарын даярлау сапасын арттыру, халықаралық әріптестермен және бірқатар ҮЕҰ ынтымақтастық орнату бойынша мақсаттарға қол жеткізілетін болады. - Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды.
2020 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мемлекеттік емес БАҚ-ты қолдау бойынша бірқатар шешімдер қабылданды:
- 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңге ЕТҚ-дан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босату («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Заң шеңберінде қабылданды);
- 2020 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде 67 коммерциялық теле -, радиоарнаны ұқсас емес аналогтік және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден босату («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Заң шеңберінде қабылданды). - «Қазақстандағы ақпарат саласын дамыту» 2019 жылға арналған салалық баяндамасы дайындалды.
Бұл баяндамада негізгі сегменттер (теле -, радиоарналар, баспа БАҚ, интернет-БАҚ және медиа ҮЕҰ) бойынша 2019 жылғы Қазақстандағы медиа-саланың жай-күйі мен негізгі даму үрдістерінің талдауы ұсынылды.
Баяндаманы қалыптастыру кезінде әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері («Отандық ақпараттық өнімдерді тұтынушылардың талап ету деңгейі» және «Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі»), ҚР АҚДМ, ҚР БҒМ, TNS Central Asia, Қазтелерадио және басқа да медиа-нарық субъектілерінің деректері пайдаланылды. - Салалық журналистерді даярлау бойынша ЖОО-мен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:
Министрлік бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде, атап айтқанда, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен медицина, дін және экология салаларында маманданған салалық журналистерді даярлау бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. - «Қаржы, құқық, медицина, дін салаларындағы, сондай-ақ цифрландыру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша ақпаратты халыққа жеткізудің тиімділігін арттыру» гранттық жобасы іске асырылды.
Осы жоба аясында «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы» ҚБ БАҚ өкілдерінің қаржылық, құқықтық, медициналық, діни, цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 25 оқыту онлайн-курстарын өткізді. 1267 адам қамтылды, оның ішінде 912 БАҚ өкілі. - «Бейбіт жиналыстарға қатысатын журналистің (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы» бұйрық бекітілді. (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14.08.2020 жылғы №279 бұйрығы).
Қағидалар журналистің бейбіт жиналыстар өткізу кезіндегі қызметін реттеуге бағытталған және БАҚ-қа арнайы орын - периметр, айырым белгілерінің нысандары бойынша талаптарды, сондай-ақ ЖАО-ның журналистердің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін қамтиды.
Департаменттің 2021 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы:
БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті саланың кадрлық әлеуетінің кәсіби деңгейін арттыру саласында жүйелі жұмыс жүргізді.
Министрлік Медиасаласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарды іске асырды, оның негізгі бағыттарының бірі салалық журналистиканы дамыту.
2021 жылы Министрлік салалық журналистерді даярлау үшін отандық жетекші жоғары оқу орындарымен 4 меморандум жасасты. Меморандумдар шеңберінде медициналық, экологиялық, дін және IT-салаларында оқыту курстары ұйымдастырылып өткізілді, оның қорытындысы бойынша 4000-нан астам қатысушы қамтылды.
Сондай-ақ, 2021 жылғы қыркүйектен бастап екі жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды: бакалавриат студенттері үшін «Журналистика: талдау және тергеулер» (M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti), магистратура студенттері үшін «Экологиялық журналистика» (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Бұдан басқа, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры базасында медиамамандар үшін оқытуды ұйымдастыру мен өткізуге арналған мультимедиялық білім беру-ақпараттық платформа іске қосылды.
Ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде бірқатар НҚА бекітілді:
- 2021 жылғы наурыздың басында жаңадан Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекітілді, онда мынадай новеллалар көзделген:
- аккредиттеу рәсімі тұрақты (1 жылдан астам) және уақытша (біржолғы) болып бөлінеді;
- құжаттар пакеті 4-тен 2-ге дейін қысқартылды (өтініш және жеке басын куәландыратын құжат);
- өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау мерзімі 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
- аккредиттеуші ұйым өзінің интернет – ресурсында аккредиттелген журналистердің тізілімін жүргізеді;
- аккредиттеуші ұйым үшін міндеттер көзделген.
Жалпы Қағидалардың ережелері заманауи үрдістерге сәйкес келеді және аккредиттеуші ұйымдар мен аккредиттелетін журналистердің өзара тиімді ынтымақтастығына бағытталған.
- 2021 жылғы 31 наурызда Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары бекітілді. Негізгі постулаттары:
- жеке және заңды тұлғалар жасалған шарт негізінде жүзеге асырылатын, салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы өз бетінше жүргізу арқылы немесе бұқаралық ақпарат құралдарына не өзге де ұйымдарға тапсырыс беру арқылы салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі жарнаманы қалыптастырады;
- отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнама мынадай өлшемшарттар негізінде қалыптастырылады: техникалық параметрлерге сәйкес келу; телерадио хабарларын тарату туралы заңнама талаптарына сәйкес келу; салауатты өмір салтының бағыттарына сәйкестігі.
- отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін құжаттар тізбесі айқындалды.
- 2021 жылғы маусымда «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оның шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы және ҚР-ның аумағында меншікті жерсеріктік хабар тарату жүйелері жоқ шартты қол жеткізу карталарын, «сұр жабдықтар» қабылдау құрылғыларын таратуға тыйым салуды бақылау жөніндегі құзыреті көзделген.
- «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау регламенті» әзірленді.
Регламенттің негізгі мақсаты журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін әзірлеу. Регламент мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық-түсіндіру сипатындағы әдістемелік құрал. Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда Министрліктің әрекеттері көрсетілген.