Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті

Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бекітеді.

Құрылымдық бөлімшенің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы бекітеді.

Департамент:

1) Цифрлық трансформациялау басқармасынан (бұдан әрі – ЦТБ);

2) Жобалық менеджмент басқармасы (бұдан әрі – ЖМБ);

3) Электрондық архив басқармасы (бұдан әрі –ЭАБ) тұрады.