Экономика және қаржы департаменті

1. Экономика және қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

  1. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  3. Департамент:

1) Бюджетті жоспарлау басқармасынан;

2) Бюджеттің атқарылуы басқармасынан;

3) Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасынан тұрады.