Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті
Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Републикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департаменттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
Департамент:
Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасынан (бұдан әрі – ТСЖБ);
Архитектураны енгізу және цифрландыру басқармасынан (бұдан әрі – АЕЦБ);
Жинақтау жұмысы басқармасынан (бұдан әрі – ЖЖБ) тұрады.