Жиі қойылатын сұрақтар
- ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз. Поштаны сындыра алады және ЭЦҚ ұрланады.
- ЭЦҚ-ны бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз
- ЭЦҚ-ны компьютерде сақтамаңыз.
- Күрделі құпия сөзді орнатыңыз.
Бұзылуы немесе жұмысын тоқтату төтенше жағдайға немесе қауіпсіздік салалары, халықаралық қатынастар, экономика, инфрақұрылым үшін немесе азаматтардың өмірлік қызметі үшін елеулі теріс салдарларға әкеп соғатын объектілер өте маңызды болып табылады.
Толығырақ мұнда
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы;
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы.
Анықталған қатерлер/инциденттердің статистикасы ҚР ҰҚК және АҚ жөніндегі уәкілетті органға – ЦДИАӨМ АҚК-ға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 133-тармағына сәйкес, МО және ЖАО жыл сайын:
- мемлекеттік техникалық қызметтен ИҚБШ жабдығында пайдаланылатын интернет-ресурстар санаттарының тізбесін сұратады;
- жоғарыда аталған тізбеден МО және ЖАО қызметшілерінің оларға қолжетімділігі ИҚБШ құралдарымен рұқсат етілетін интернет-ресурстардың санаттарын іріктейді және олардың тізімін жасайды;
- жоғарыда аталған тізімді және Интернетке қол жеткізуге рұқсат алатын МО мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, ЖАО-ның ақпараттық-коммуникациялық желілерінің желілік мекенжайларының тізімдерін мемлекеттік техникалық қызметке ИҚБШ жабдығында қолдану үшін жібереді.
ИҚБШ жұмыс қабілеттілігіне және интернетке қосылған интернет-ресурстары мен басқа да ақпараттандыру объектілерінің желісі мен телекоммуникациясының қолжетімділігіне әсер ететін жұмыстарды жүргізу туралы хабарламаны ИҚБШ жабдығында резервтелген байланыс арналары бар байланыс операторлары алады.
ИҚБШ арқылы интернетке қосылу жөніндегі талаптар заңнамалық түрде айқындалған. Заң нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша ЦДИАӨМ АҚК-ға жүгінуге болады.
Егер ұйым ЖАО-ға немесе МО-ға ведомстволық бағынысты болса немесе АКИАМО иесі болып табылса ИҚБШ-ға қосылу міндетті.
Біздің тикеттік жүйемізді (өтінімдерді есепке алу жүйесі) https://support.sts.kz (регистрация қажет) пайдалануға немесе support@sts.kz поштаға электрондық хабарлама жіберіге болады. Сондай-ақ ИҚБШ туралы кез-келген кеңесті сіз 55-99-99 (258) нөміріне қоңырау шалу арқылы ала аласыз.
Байланыс операторлары ИҚБШ-ға қосылу үшін тікелей косылудың техникалық шарттарын ресми түрде сұратуы қажет.
Ұйым желісінің ИҚБШ-ға қосылғанын ресми сұрау хат, немесе онлайн https://support.sts.kz/checkip немесе @usiag_bot телеграм-бот арқылы тексеруге болады. Бұл қызметтер ұсынатын деректер тексеру кезінде өзекті болады.