Жиі қойылатын сұрақтар
Көліктің жіктелуін түзету үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жеке жүгіну қажет
Қайта тіркеу кезінде проблемалар туындаған жағдайда сізден бұл туралы sd_eisto@nitec.kz электрондық мекенжайға жазуыңызды немесе 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіңізді сұраймыз
eisto.kz порталында «қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік тіркеу белгісі» және «Көлік құралын тіркеу туралы куәлік» жолдарын толтыру қажет. Яғни автокөліктің жаңа нөмірін және техпаспорттың нөмірін көрсету керек. Техникалық байқаудан өту туралы деректер жаңа техпаспорттың мәліметтеріне автоматты түрде ауыстырылады
Автокөлік иелері олардың техникалық байқаудан өткені туралы ақпараттың бар-жоғын eisto.kz порталында,«көрсетілетін қызметтер» бөлімінде тексере алады
ЭЦҚ қолданылу мерзімін бір неше тәсілдермен ұзарта аласыз:
- eGov mobile қосымшасында;
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде(pki.gov.kz) толық нұсқаулық мұнда;
- сондай-ақ сіз жақын жердегі ХҚКО жүгіне аласыз.
Иә, ала аласыз. Басты талап – сенімхатта Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну өкілеттігі және тиісті құжаттарға қол қою құқығы нотариалды бекітілуі тиіс
Жеке пайдалану үшін сізге жеке тұлға ретінде ЭЦҚ алу қажет
Электрондық цифрлық қолтаңба әрбір азаматқа жеке беріледі
ЭЦҚ 16 жастан бастап беріледі
Иә. Сіз ХҚКО қызметкерлері сіздің ЭЦҚ жеке куәлігіңізге жаза алады.Кейіннен egov.kz порталда авторизациялану үшін сізге компьютерге қосылған арнайы кард-ридерге жеке куәлікті қою керек болады. Куәлік жоғалған жағдайда, сіз ЭЦҚ арнайы PIN-кодпен қорғалатынына сенімді бола аласыз (банк картасымен ұқсас)