Адам ресурстарын басқару департаменті
Департамент мемлекеттік қызметке түсу, өту және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізеді.
Департаменттің өкілеттігіне кадрларды іріктеу, құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алу кіреді. Бөлімше сарапшылары кадрлар мониторингін қамтамасыз етеді және кадрлық іс жүргізуді, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етумен айналысады.
Департамент қызметінің маңызды бағыттарының бірі қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыс болып табылады. Бұл құрылымдық бөлімше сондай-ақ персоналды көтермелеу және ынталандыру әдістерін қолданумен, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаумен, Министрліктегі тәлімгерлік институтының бағыттары мен дамуы бойынша түрлі комиссиялардың қызметін ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен айналысады.