Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті

Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті жұмысының негізгі мақсаттары цифрлық трансформация және платформалық модельге көшуді әдіснамалық сүйемелдеу, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту, деректерді басқаруды дамыту, республика өңірлерінде цифрландыруды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы НҚА жобаларын дайындау және бекіту болып табылады.

Департамент үш басқармадан тұрады:

1) Деректер архитектурасы басқармасы;

2) Цифрлық трансформация әдіснамасы басқармасы;

3) Smart City басқармасы.

Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті «Smart Data Ukimet» және «esep.govtec.kz» сияқты жобаларды іске асыруда. Сондай-ақ департаменттің функцияларына деректерді басқару бойынша басшылықты жүзеге асыру және деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу кіреді.

«Smart Data Ukimet» жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік «деректер көлінде» мемлекеттік органдардың әртүрлі ақпараттық жүйелерінен мәліметтер жинақталады, бұл талдамалық шешімдер (кейстер) жасау және деректерді талдау негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын бюрократиядан арылтуға бағытталған «esep.govtec.kz» жобасы есептілікті жинау және оның айналымы бойынша платформа болып табылады.

Бұдан басқа, Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің қызметкерлері өз құзыреттері шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының, өзге де мемлекеттік органдардың заңнамалық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысады.

Сондай-ақ, Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті құзыреті шеңберінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, жетекшілік ететін бағыттар бойынша кері байланыс ұсынады.