Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
Департамент Министрліктің құжат айналымы жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді, келіп түскен хат-хабарларды бақылау мен мониторингілеуді жүзеге асырады, мемлекеттік тілді дамытумен айналысады.
Департамент қызметкерлері хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және тіркейді, құжат айналымы бойынша есептерді құрастырумен, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың бақылау құжаттарының және азаматтардың өтініштерінің уақтылы орындалуына мониторингті қамтамасыз етумен айналысады.
Сондай-ақ Департамент негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарды, Министрлік мәжілістерінің хаттамаларын тіркеуді жүзеге асырады, Министрліктің құжаттарын сақтау, мұрағатқа беру жөніндегі тапсырмалар мен жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар Министрліктен өз өтініштеріне белгіленген мерзімде жауап алу жұмысын бақылайды, сондай-ақ Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады.