Ішкі аудит департаменті

Департаменттің Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметтері бойынша, тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізумен айналысады.

Департамент қызметкерлері аудит нәтижесі бойынша Министрліктің басшылығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен есеп береді.

Департамент ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.

Осыған қоса, мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар беру құзыреті бар. Осы шаралар нәтижесінде Министрліктің, ведомстволық бағынысты ұйымдары жұмысының сапасын арттыруға, сондай-ақ, негізгі KPI қол жеткізуге әсерін тигізеді. Департамент қызметі жалпы тиімділікті және әр жеке алынған бөлімшемен қолданыстағы заңнаманы қолдануын бақылау бойынша маңызды бағыттардың бірі болып саналады.