Медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының басшысы (бір бірлік), С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық ету. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының сақталу жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді қорыту, жүйелеу және талдау. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негізділігін, дұрыстығын және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының (мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту) әзірленуін бақылау, аумақтық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, оның ішінде мүгедектік тобын, оның себебін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбекке қабілеттігін жоғалту дәрежесін, «мүгедек бала» санатын белгілеу жөніндегі қызметіне басшылық етуді, ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыру, автоматтандырылған режимде «Мүгедектік, еңбекке қабілеттігін жоғалту дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларындағы қажеттігін анықтау» мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыру және мониторингілеу (шығарылған сараптамалық қорытындылардың негізділігін үйлестіру және бақылау), халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және консультативтік көмек көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстары мен шағымдарын қарау. Мүгедектікті және еңбекке қабілеттігін жоғалтуды белгілеу, әлеуметтік қорғау шараларын (тоқсандық, жарты жылдық, жылдық) көрсету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, алқалар, конференциялар ұйымдастыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.04.2020 – 21.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.04.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, Дом Министерств, пр. Мәңгілік ел, дом 8, 6 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

Министерство труда и социальной защиты Республики Казахстан, 010000,  г. Астана, Дом Министерств, пр. Мәңгілік ел, дом 8, 6 подъезд, телефон для справок: 8 (7172) 74-34-92, e-mail: k.sukhanova@enbek.gov.kz