Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер

 

Баспасөз хабарламасы

20.08.2024 ж.                                                                                                              Астана қ.

 

Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне

байланысты редакциялық түзетулер

 

ҚР Үкіметі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады.

2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет Басшысы жоғарыда аталған функцияларды беруге қатысты түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) «Ашық НҚА» порталында «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға қатысты тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 489 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 90 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрық жобасын дайындап, орналастырды.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминінің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.