Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында бюджет қаражаты есебінен техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифло - құралдар, кресло-арбалар, міндетті гигиеналық құралдар) және жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының, санаторий-курорттық емдеудің қызметтерімен (бұдан әрі – құралдар мен қызметтер) қамтамасыз етіледі.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 390,4 мың іс-шара немесе қажетті (460,3 мың) санының 84,8% іске асырылды.